Соңғы жылдары аллергиямен ауыратын балалар санының артуы байқалады.
2015-2019 жылдары Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергология орталығына келетін пациенттердің жалпы санынан 60%-дан астамы - балалар. Осы үрдіс 2020 жылғы пандемия кезінде де 68%-ға дейін жетіп, сақталып отыр.
Орталыққа келіп қаралудың негізгі себептері пациенттердің жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының, терінің аллергиялық ауруларына шалдыққандар болды. Басқа патологиялардың әлдеқайда аз таралғаны байқалады.
Пандемияға қарамастан, Республикалық аллергология орталығы 2020 жылы халыққа 15 мыңнан астам тегін консультация берді. Өткен жылы көрсетілген медициналық қызметтердің саны 15,8%-ға дейін өсті, бұл мамандандырылған аллергологиялық көмектің қолжетімділігінің артқандығын көрсетеді. 2020 жылға жоспарланған қызметтердің көлемі 10%-ға артығымен орындалды.
Республикалық аллергология орталығының барлық пациенттеріне тағамдық, дәрілік, респираторлық, кәсіби аллергендермен заманауи in vitro / in vitro ауқымды аллергодиагностикасы жасалды. Өткен жылдың соңынан бастап австриялық анализаторда 300-ден астам аллергендер мен аллергокомпоненттерін бірден тестілеуге мүмкіндік беретін микрочип түріндегі жаңа кешенді аллерготест енгізілді. Басқа да заманауи технологиялар мақұлданып, қазіргі кезде жұмыс істеуде.
Республикалық аллергология орталығы аптасына 6 күн және күніне 10 сағат жұмыс істейді, кез келген жастағы барлық келем деушілер тәжірибелі және білікті 10 аллергологтың біріне бюджеттік те, сондай-ақ ақылы негізде де қарала алады.
Дендеріңіз сау болып, өздеріңізді күтіңіздер!