Бұл күн көптеген елдерде жыл сайын 16 қазан күні атап өтіледі.
Осының барлығы 1846 жылы қазанның 16-ында американдық тіс дәрігері Томас Мортонның дүние жүзінде тұңғыш рет эфир наркозымен операция жасаған күнінен басталды. Оның ашқан жаңалығының нәтижесінде мыңдаған адамның өмірі сақталып қалды.
Бүгінгі таңда да анестезиологтар операцияларға қатысады, ал операцияның нәтижесі олардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты болатындығы белгілі. Бұл ең күрделі және зор жауапкершілікті талап ететін мамандық. Анестезиолог-реаниматолог медицинаның барлық салаларында білімі мол болып және кәсіби тұрғыдан наркозға қатысты барлық техникаларын меңгеруі тиіс. Анестезиологтың қателесуге еш құқығы жоқ – ол операция жасау кезінде пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Дәрігердің жеке қасиеттері де маңызды орын алады. Ол стресс жағдайында жұмыс істеп, стандартты емес жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуі керек.
Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге мінсіз бедел мен кез келген сырқатпен күресуде жеңіске жетулеріңізді тілейміз!
Аман болыңыздар!
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұжымы