Бірлесіп жасалған жұмыс өз нәтижесін береді


Қазақстанда 2013 жылдан бастап созылмалы инфекциялық емес ауруларды тексеріп жүргізу, асқынулардың санын азайту, өмір сүру сапасын арттыру, пациенттерді өз денсаулығын басқара алатындай дағдыларға үйретуге бағытталған Ауруларды басқару бағдарламасы жүзеге асырылуда. АББ-сына артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті секілді аурулар енгізілді.



Бағдарламаның негізгі компоненті - созылмалы аурумен ауыратын ақпараттандырылған, белсенді адам мен мультитәртіптік команда мүшелері – түрлі мамандық дәрігерлері, мейіргерлер, әлеуметтік қызметкерлер, Салауатты өмір салты орталығының мамандары және психологтардың өзара әрекет етуі. Бұл мамандар өзіне-өзі көмек көрсету және денсаулыққа әсер ететін фактілерді бақылау дағдыларына оқытады.



Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеу, өңірлерде АББ енгізу бойынша іс-шараларды іске асыру, Бағдарламаның индикаторларын мониторингілеу үшін жауапкершілік жүктелген.



 «Ауруларды басқару бағдарламасына пациенттердің белсенді қатысуы өте маңызды. Егер адам пассивті болса, клиникаға келмесе, медицина қызметкерлерімен өзара әрекет етпесе, тек стационарға түскен кезде ғана емделеді, әрине мұның ешқандай әсері болмайды. Ең бастысы – науқастың шұғыл түрде аурухана түспеуін болдырмас үшін созылмалы ауруды үнемі бақылауда ұстап отыру қажет, өйткені ол өлім-жітімнің болу қаупін арттырады», - деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ клиникалық аудиторы, м.ғ.к. Шолпан Жангелова.



«Пациент стационарға инфаркт немесе инсультпен түскен кезде біз онда артериялық гипертензия, стенокардия симптомдарының да болғандығын білеміз, ал адам есепке тұрмаған», - деп түсіндірді дәрігер.



Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ медицина ұйымдарының мамандарын оқытады. Институт қызметкерлері ағымдағы жылы аралас – онлайн және офлайн форматында 246 дәрігер және 419 мейіргерді оқытты.



АББ енгізу осы бағдарламаға белсенді қатысатын пациенттер арасында асқынулар мен жедел жәрдем, дәрігерді шақырту санын азайтуға, өзіне-өзі көмек көрсету арқылы денсаулығын жақсартуға мүмкіндік берді.



Сонымен қатар, клиниканың бірінші басшысы Қуанышбекова Роза Тохтанаәлиқызының бастамасымен 2019 жылдан бастап Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Пациенттер мектебі ұйымдастырылды. Бұл нефролог, эндокринолог, гастроэнтеролог, кардиолог, пульмонолог және аллергологтың мектебі. Осыны құрудағы мақсат өз денсаулығын сақтауға ынталандыруға, емдеу мен оңалтудың тиімділігіне қол жеткізу үшін медицина қызметкері мен пациенттің бірлігін қамтамасыз ету болды. Пациент мектептерінде созылмалы инфекциялық емес аурулары бар пациенттерді оқытады. Бұл қант диабеті, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бүйрек аурулары. Дәрігер – пациент – мейіргер командасы жұмыс істейді.



Пациент өз денсаулығы үшін жауапты болып және емдеу барысына олармен бірге қатысуға,  қажетті зерттеулерді өткізуге, сондай-ақ жоспарлы госпитализацияға жіберілуі тиіс дейді дәрігерлер. Сонымен қатар, дәрігерлер шұғыл жағдайлардың дамуының алдын алу үшін қандай симптомдарға көңіл аудару қажеттігін түсіндіреді.