Алексей Евгеньевич С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ түлегі, 2005 жылы «емдеу ісі» мамандығы бойынша осы оқу орнын аяқтаған. 2006 жылы Қазақ медицина университетінің (ҚМУ) базасында «хирург дәрігер» мамандығы бойынша интернатураны бітірді. Сол жылы Ресей Федерациясындағы ірі кардиохирургиялық орталық болып табылатын академик Е.Мешалкин ат. Новосібір қанайналым патологиясы ҒЗИ (Ресей ДСМ ҚП ҒЗИ) эндоваскулярлық хирургия бойынша маманданудан өтті. Қазақстан-Ресей медицина университетінде инновациялық кардиология және ҚМУ эндоскопиялық хирургия бойынша (2006 жылы), АДБЖИ кардиология және сәулелік диагностика бойынша тағылымдамадан өтті (2007 және 2010 жылдары). 2011 және 2012 жылдары Жапонияда Нагасаки медицина университетінде тағылымдамадан өту кезінде интервенциялық кардиология бойынша тереңдетілген жоғары кәсіби білім алды.
2006 жылдан 2008 жылға дейін Алматы қ. қалалық кардиология орталығында еңбек етті. 2008 жылдан бастап осы күнге дейін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жұмыс істейді. 2014 жылдан бастап рентгенэндоваскулярлық операция жасау блогының меңгерушісі.
Алексей Колесников республикамыздың жетекші интервенциялық кардиологтарының бірі болып есептеледі. Оның жүрек тамырларының созылмалы бітелуі – коронарлық арнаның күрделі зақымдануы кезінде жүрек тамырларына стент қою, сол жақ коронарлық артерияның діңгегін стенттеу, бифуркациялық зақымдану, аорта-коронарлық араласулар жасалғандардың жүрек тамырларына күрделі араласулар жасау бойынша тәжірибесі мол. Соңғы жылдары аорта қақпақшасын эндоваскулярлық импланттау бойынша жоғары технологиялық операцияларды дамыту (TAVI procedure) жолында өз үлесіп қосып жүр.
Алексей Евгеньевич жанашырлық, қарапайымдылық, мейірімділік, өз ісіне деген адалдық пен табандылық секілді қасиеттері мол адам. Өзінің барлық білімін практикада шеберлікпен қолданады.