Біз сіздерді институттың үздік қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз


№2 терапия бөлімшесінің мейіргері Айнұр Алмағанбетова - жауапты, ұқыпты мамандардың бірі. Ол жанашыр және қайырымды жан. Айнұрдың әріптестері мен емделушілер оны бағалайды және жақсы көреді. Оның мейіргерлік  жұмыс өтілі 12 жылдан асады. Айнұр сонымен қатар мейіргер мамандығы бойынша Interdent жоғары медициналық колледжінің бакалавриатында оқиды.