Біздің ұжымда мейіргерлер қатарында қыз-келіншектермен бірге ерлердің жұмыс атқаруы қуантатын жағдай.


Олардың бірі – Шахмұрат Ярмахамет. Ол рентгенэндоваскулярлық операция жасау блогында операция мейіргері.



2020 жылы еңбектегі көрсеткіштері үшін клиниканың ең үздік маманы болып аталды.



Шахмұрат өзінің жұмысын жақсы көретіндігін және өмірін медицинамен байланыстырғанына бақытты екенін айтады.