Тіркеу бөлімінің телефоны 233-00-90.
12 мамырда ҚР аллергологтар, иммунологтар және иммунореалибилитолотар қоғамымен бірлесіп МСАК дәрігерлері, терапевтер, ЖПД, педиатрлар, пульмонологтар, аллергологтар мен барлық тілек білдірушілерге онлайн-конференция өткізіледі.
Қатысу тегін, қосылуға сілтемені қоғамның www.oaiir.kz сайтынан және әлеуметтік желілердегі институттың парақшаларынан алуға болады.
ДДҰ бағалауынша, дүние жүзінде 339 млн.адам демікпемен ауырады, ал жылына 4 мыңнан астамы қайтыс болады.
2021 жылдың Дүниежүзілік демікпе күнінің тақырыбы: «Демікпе туралы қате түсініктерді әшкерелеу». Негізгі идеясы: демікпемен ауыратын адамдарға кедергі келтіретін демікпе туралы миф пен жалған ақпараттардың таралуын жою және емделудің жетістіктерінен оңтайлы пайда алу.
Ең көп таралған қате пікірлер:
- Демікпе – балалар ауруы және жұқпалы инфекциялық ауру.
- Демікпемен ауыратындар спортпен айналыспауы керек.
- Демікпе бақылауға тек гормондардың жоғары дозасымен бағынады.
Шындық:
- Демікпе кез келген уақытта балаларда, жасөспірімдерде, ересек адамдар мен егде жастағы адамдарда пайда болуы мүмкін.
- Демікпе жұқпалы емес. Алайда вирустық респираторлық инфекциялар (суық тию, тұмау) демікпе ұстамаларын тудыруы мүмкін. Балаларда демікпе көбіне аллергиямен байланысты болады. Ересек жаста басталатын демікпеде аллергиялық реакция сирек болады.
- Демікпе жақсы бақыланатын болса, демікпемен ауыратын адамдар дене шынықтыру жаттығуларымен және спортпен айналыса алады.
- Демікпе көбіне төмен дозадағы ингаляциялық стероидтардың көмегімен бақыланады.