Дүниежүзілік жүрек күні қарсаңында Кардиология және ішкі аурулар институтының кардиология және оңалту бөлімінің қызметкерлері жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын-алуда оларды таныстыру мақсатында «Көлік холдингі» ЖШС-де ақпараттық дәріс өткізді. Тренингте артериялық гипертензияның алдын алу, жүректің ишемиялық ауруы және салауатты өмір салты туралы айтылды. Дәрігерлер сонымен қатар сұрақ-жауап сессиясын өткізіп, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және салауатты өмір салты бойынша жеке кеңестер берді.