Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында ауырудың ерте сатысында жүректің түрлі патологияларын анықтауға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар қолданылады.
Егер науқас дәрігерге ишемиялық аурудың симптомдарымен қаралған жағдайда оған коронография жасау ұсынылады.
КТ-коронографияның арқасында осындай инвазивті емес процедураны жасау мүмкін болды.
«Сәулелік диагностика – ағзаның ішін көруге мүмкіндік беретін рентген-сәулелерге негізделген әдіс. Контрастылы затты енгізу және арнайы бағдарламалық жасақтамасы бар компьютерлік томографта сканерлеу арқылы біз қан тамырларының қабырғалары мен стеноз аймақтарының жай-күйінің нақты көрінісін аламыз»,- дейді ҒЗИ сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Қайрат Мурзалин.
Нәтижесінде дәрігерлер ағзаның артериясы қандай күйде екендігін нақты көретін толық суретін көре алады. Енгізілген контрастылы зат табиғи жолмен шығарылады. Бұл ретте ол қауіпсіз, зияны жоқ және гипоаллергенді.
Қайрат Мурзалиннің айтуынша, осындай әдіс пациенттің де, медицина қызметкерінің де уақытын үнемдейді, сондай-ақ оперативтік араласуды қажет етпейтін ауруларды дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік береді. Өйткені, диагнозды операция кезінде ғана алып тастайтын жағдайлар болады
Жүрек аймағын зерттеуге арналған тағы да бір маңызды аппарат – гамма-камера, бұл аппарат миокардтың перфузиялық сцинтиграфиясын жасауға және жүректің қай аймағы қанмен жеткілікті қамтамасыз етілген және қайсысы нашар қамтамасыз етілгенін көруге мүмкіндік береді. Ол миокардтың күйін бағалауға және операцияның қажеттілігін анықтауға көмектеседі.
Гамма-камерада зерттеу жүргізу үшін пациентке алдын ала радиофармпрепарат енгізіледі бұл жүректің аймағын көруге және миокардтың қанмен қамтылуы жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстандықтар үшін КТ және гамма-камераның көмегімен коронография жасау тегін екендігін айта кету керек, өйткені бұл қызмет ТМККК-не кіреді. Оларды алу үшін, егер ауыру белгілері болған жағдайда учаскелік кардиологқа қаралған жөн, ал дәрігер пациентке қосымша тексеру жүргізудің қажеттілігін бағалайды және осы процедураға жібереді.
Процедураның екеуі де қауіпсіз және пациентке жайсыздық келтірмейді.
Осы немесе басқа процедурадан өткеннен кейін науқасқа диагноз қойылады, осыған сәйкес ол әрі қарай ем – егер ол оның жағдайында көрсетілсе, операция жасалады немесе дәрі - дәрмектердің көмегімен амбулаториялық терапия қабылдайды.