Клиникалық зертханалық зерттеулер диагноз қою және оны растау, ауруларға саралау диагностикасын жасау, емдеу болжамын анықтау және тактикасын негіздеу үшін тағайындалады. Зертханада жүргізілген талдаулардың көмегімен әлі симптомдары байқалмаған аурудың ең алғашқы кезеңін анықтауға болады.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ клиникалық-диагностикалық зертханасында гематологиялық, жалпыклиникалық, биохимиялық, серологиялық, иммунологиялық зерттеулер, сонымен қатар ұю жүйесін зерттеу жүргізіледі.
2020 жылы медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 194 590 зертханалық зерттеулер жүргізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 61 883 (31,9%) есеге артық. Зерттеулердің артуы ТМККК шеңберінде халыққа көрсетілетін стационарлық көмектің қосымша көлемімен байланысты. Зертханалық қызметтер сондай-ақ шаруашылық есеп бойынша да орындалды.
Антиденелердің бір спиральды және екі спиральды ДНҚ, ядролық антигендерге, митохондрияларға, сондай-ақ ойықжаралы колит пен Крон ауруларына, үдемелі гломерулонефрит және т.б. саралау диагностикасын жасау үшін қандағы нейтрофилдердің цитоплазмасына зерттеудің жаңа әдістері енгізілді және меңгерілді.