Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ медициналық оңалту бөлімшесінде кардиологиялық және терапевтік бейіндегі науқастарға емдік дене шынықтыру, физиотерапевтік ем және оңалту шаралары жүргізіледі.
Емдік дене шынықтыру, массаж жасау, физиотерапия,омыртқаның декомпрессиялық-тракциялық терапиясына арналған физиотерапиялық емдеу кабинеттері және кинезотерапия жұмыс істейді.
Емдеу мақсатында гальванизация, электрофорез, синусоидальдық тоқтар, төменгі жиіліктегі және жоғары жиіліктегі электротерапия, магнитотерапия, электросон, дарсонвализация, ЖЖТ-терапия, импульсты, ультрадыбыстық және биоптрон тоқтары бар терапия, ингаляция, небулайзерлік терапия қолданылады.
Мұнда 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 2835 пациент емделіп шықты (2020 жылы - 3991 пациент, 2019 жылы – 1156). 2020 жылы 5499-ға артық емдік дене шынықтыру, 2678-ге артық массаж және 6949-ға артық физиотерапевтік шаралар жасалды.
Бөлімшенің адамның өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі қызметі өз нәтижесін беріп, пациенттер тезірек қалпына келуде, себебі физиотерапия пациенттерді кешенді емдеу мен сауықтыруда маңызды орын алады. Физиотерапевтік емшаралар операциядан кейінгі кезеңде және пациенттің ауырып шыққаннан кейінгі сауықтыру кезеңінде қолданылады. Ол емнің тиімділігін арттыруға, асқынулардың қаупі мен дәрі-дәрмекпен емдеудің әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Физиотерапевтік ем жүргізудің артықшылығы: олар ауыртпайды, кері әсерлердің даму қаупі аз.