Инсульт болған жағдайда алғашқы көмек көрсету өте маңызды – бұл өмірлік қажетті жағдай


Инсульт - қан тамырларының жарылуынан болатын мидағы қан айналымының бұзылуы. Адам инсультке шалдыққанда, тромб мидағы қанайналымын бұзады. Оттегінің жетіспеушілігі ми жасушаларының өліміне, сондай-ақ сөйлеудің, есте сақтаудың және қозғалыс функцияларының бұзылуына әкеледі.



 Кез келген адам инсультке шалдығуы мүмкін. Кейбір қауіп факторларын бақылау қиын. Бұлар: жоғары артериялық қан қысымы, холестериннің жоғары деңгейі, қант диабеті, дененің артық салмағы, темекі шегу, алкоголь және есірткі, жүрек-қан тамыр аурулары.



Инсультке көбінесе 45 жастан 55 жасқа дейінгі ер адамдар шалдығады. Инсульттің белгілері: аяқ пен қолдың, көбіне дененің бір жағының кенеттен әлсіреуі, кенеттен сананың бұлыңғыр тартып, сөйлеудің бұзылуы, көздің көру мүмкіндігінің әлсіреуі, жүрістің, тепе-теңдіктің бұзылуы және кенеттен болатын бас ауруы.



«Инсульт болған жағдайда алғашқы көмек көрсету өте маңызды – бұл өмірлік қажетті жағдай. Егер сіздің жаныңыздағы адамда инсульттің белгілері пайда болатын болса, сіз шұғыл түрде жедел жәрдемді шақыруыңыз керек. Ми қанайналымының бұзылысы алғашқы 3 сағатта емделеді. Адамды қозғалтпаңыз, оны төсекке апарып жатқызбаңыз. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігі мен басын 30 градусқа көтеріңіз. Егер лоқси бастаса, басын бір жағына бұрып, құсығын тазалаңыз», - дейді  Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Консультативтік-диагностикалық орталығының жоғары санатты кардиолог дәрігері, м.ғ.к. Мухабатхан Тохтасунова.



Егер уақытында танылмаса инсульт қайтымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін. Инсульттің салдары: бұл ишемиялық инсульт. Ишемиялық инсульт болған жағдайда, әдетте, тромб мидың ұсақ тамырларына кептеліп, олардағы қан ағымын тежейді. Геморрагиялық инсульт сирек кездеседі. Бұл мида қан тамырлары жарылып, ағып жатқан қан ми мен бас сүйегінің арасындағы кеңістікті толтырған кезде пайда болады. Мидың аздаған бөлігінің зақымдануы аяқ-қолдардың әлсіреуіне әкеледі. Инсультке шалдыққан адамдардың көбінде денесінің бір жағы жартылай немесе толығымен сал болып қалады, сөйлеу, есте сақтау қабілеттері нашарлайды.



Инсульттің профилактикасы салауатты өмір салтын ұстану, яғни: артериялық қан қысымы мен қандағы холестериннің деңгейін бақылау, тұзды пайдалануды азайту, спортпен шұғылдану және дұрыс тамақтану, оның ішінде көбінесе жеміс- жеу.



Темекі шекпеңіз, сондай-ақ алкоголь ішімдіктерін ішпеңіз.