Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өткізілді.
Институт басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Мадалиев әріптестерін жылдың ең шуақты, ең әдемі мерекесімен құттықтай және ризашылығын білдіре отырып, олардың өз міндеттерін өздеріне қарағанда жақсы атқаратынын, сонымен бірге қамқор жар, мейірімді және аяулы ана, дана әже, шаңырақтың ұйтқысы екендерін атап өтті. Бақ-береке, сәттілік тіледі.
Ұжымдағы ер адамдар көктемгі көңіл-күй, армандардың орындалуы, жағымды тосынсыйлар және жарқын эмоциялар сияқты ізгі тілектер білдірді.
Іс-шараның соңында барлық әйелдерге көктем мен нәзіктіктің символы - қызғалдақ сыйланды.