Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Ұлыбритания азаматының жүрегіне операция жасады


Таяуда ғана Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты медициналық қызмет көрсету сапасы мен  пациенттердің қауіпсіздік деңгейі көрсеткішінің өте жоғары екендігін көрсететін JSI халықаралық аккредиттеуден өткен еді. Клиникаға тек Қазақстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар елімізге келген қонақтарымыз да өз денсаулықтарын сеніп тапсырады.



Бүгінгі таңда Joint Commission International (JCI) аккредиттеуі медицина ұйымы жұмысының сапасын бағалаудың әлемдегі ең объективті және беделді әдісі болып табылады. Егер ұйымға осы аккредитация тағайындалатын болса, бұл оның қызмет көрсету деңгейінің өте жоғары және емдеудің озық әдістерінің қолданылатындығын көрсетеді. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшылығы бұл мәртебеге үш жылдан артық уақыт бойы дайындалғандығын атап өтті.



         «Әр адам өзінің денсаулығын пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және құрамында жоғары білікті мамандары бар ең үздік жағдай жасалған  клиникаға сеніп тапсырғысы келеді. Жүректің созылмалы ауруларын, эндокриндік жүйе, бауыр, бүйрек, дәнекер тіндерді емдеудегі біздің клиниканың тәжірибесі мол.         Даярланған мамандар – біздің мақтанышымыз. Біздің дәрігерлер Жапония, Израиль, Қытай, Италия және Германияның ең үздік клиникаларында білім алды. Біз сапаның алтын стандарты деңгейіндегі бағаны (JCI аккредиттеуі) алған кезде біздің әруақытта талпынған жоғары дәрежеге сай келетіндігімізге көз  жеткіздік, - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Роза Қуанышбекова.



Клиниканың пациенттері Қазақстанның барлық аймақтарынан келетін адамдар. Көбіне мұнда басқа өңірлерден  өте күрделі операцияларға мұқтаж адамдар келеді. Сонымен қатар клиникаға Қазақстанға келген қонақтар да келеді. Жақында ғана ҒЗИ хирургтары Ұлыбритания азаматы, 74 жастағы Джон Паттерсонға күрделі операция жасады.



«Бірнеше ай бұрын маған осы клиникаға баруға кеңес берілген еді. Мұнда мен шамамен он күн бұрын тексерілуге келдім де, осында маған  операция жасаудың қажеттігі туралы айтылды. Осы клиника дәрігерлерінің қандай күрделі операциялар жасайтындығын білгендіктен, менде нәтижесі туралы ешқандай қорқыныш сезімі болмады. Қазір менің жағдайым жақсы. Мен дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбегіне таң қаламын. Егер біреу менен кеңес сұрайтын болса, мен міндетті түрде осы клиниканы ұсынар едім»,- дейді Джон Паттерсон.



    Қазір Джон кардиорхирургия бөлімшесінде бір аптадай болады да, осыдан кейін үйіне қайтады. Алайда бір айдан кейін ол клиникаға сауықтырудың екінші кезеңіне жататын болады. Бұл стандартты процедура. Осылайша дәрігерлер өздерінің пациенттерінің сауығу барысын жақсы бақылай алады.



«Пациент басы айналып, жылдам шаршап және ентігетіндігіне шағымданды. Біз аорта қақпақшасының айқын кемістігін анықтадық. Ол кем дегенде 1 см тарылған екен. Коронорографияның мәліметтері бойынша, осыдан басқа бұл науқаста жүрек тамырларының зақымдануы анықталды. Операция жасауды ұсындық, біз ол кісі операцияны өз еліне барып жасатқысы келетін шығар деп ойладық. Алайда ол біздің клиникаға сенетіндігін және операцияны осында жасататындығын айтты. Біз аорта қақпақшасын ауыстырдық, үш коронарлық артерияларына шунттау жасалды. Барлығы еш асқынусыз өтті. Келесі тәулікте пациент оңалту бөлімшесіне ауыстырылды. Операция бес сағатқа созылды», - дейді кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев.



       Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, бұл операцияны науқастың жасын, жанама аурулары мен жұмыс көлемін ескере отырып, күрделілігі жетінің ішінен алтыншы санатқа жатқызуға болады. Клиникада жылына осындай операциялардың шамамен 100-150  жасалады.



       Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ операция жасау бөлмелері ең жаңа заманауи жабдықтармен  жарақталуы жұмыс барысында үлкен көмек болып табылады. Мысалы, эндовидеоторакоскопиялық тіректің арқасында  кеудені кеспей, 3D визуализациясымен жүрекке операция жасауға болады. Клиникадағы операция жасау бөлмелері халықаралық стандарттарға сай жабдықталған, олар Еуропа мен АҚШ клиникаларынан кем түспейді.