Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Наурыз мейрамы аталып өтті


16 сәуірде Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Наурыз мейрамы аталып өтті.



Табиғаттың жаңарып, жаңа өмірдің басталуы мерекесімен ұжымды құттықтауға директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Дүрімбетов пен тәуелсіз директор Айткүл Самақова келді, іс-шараға клиника басшылығы да қатысты.



 Қонақтар Наурыз мейрамының туған жердің салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға баулитын, жақындастырып, бірін-бірі түсінуге, кешіруге үйрететін мейрам екенін атап өтті. Олар ұжымға оң өзгерістер, жаңа жетістіктер мен бастамалар, отбасыларына береке, сәттілік тіледі.



Мерекелік концерттік бағдарлама дайындалып, оған «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, қызметкерлердің өздері және балалары қатысты.



      Мереке жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.