Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында өртке қарсы жаттығулар жүргізілді


Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің қатысуымен «Басқарушы құрам, Азаматтық қорғау құрылымдары, институт қызметкерлерінің өрт жағдайындағы әрекеттері» тақырыбы бойынша өртке қарсы жаттығулар жүргізілді.



«Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша клиниканың қызметкерлері, медициналық және техникалық персоналы өрт кезінде адамдарды эвакуациялаудың ережелерін сақтай отырып, кабинеттерінен ұйымдасқан түрде шығып, қауіпсіз орынға жиналды.



Азаматтық қорғаныс  штатының басшысы – қауіпсіздік техникасы, АҚ және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер Қайнар Губашев институт басшылығы мен қызметкерлері өрт болған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігін түсіндіріп, қатысқандардың сұрақтарына жауап берді.



Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шұғыл түрде әрекет етуге тиісті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының, санпост, хабарлама жасау және байланыс командасы, қоғамдық тәртіпті қорғау командасы, жеке қорғау құралдарын беретін буын секілді азаматтық қорғаныс  құралдары құрылды.