Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының жасанды қанайналым зертханасы және операциялық блогы бар кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев Зальцбург қаласында (Австрия) оқу курсын аяқтады.
Курс Cleveland Clinic және Medical University of Vienna тарапынан ұйымдастырылды. Кардиохирургия саласындағы жетекші әлемдік мамандар екі апта бойы жүрекке операция жасаудың жаңа әдістері бойынша дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар өткізді.
Оқу циклі барысында алынған жаңа білім мен дағдылар Қазақстандағы ауыр жүрек ауруы бар науқастарға медициналық көмек көрсетілуін жақсартуға ықпал етеді. Клиника тәжірибесінде жүрекке шағын инвазивті хирургия кеңірек қолданылатын болады.
Институт қызметкерлері жыл сайын алыс және жақын шет елдерде біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, медициналық жабдықтары да әлемдік үрдіске сай жаңартылуда.