Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ұжымы ұйымдастырған түрде жалпықалалық сенбілікке шықты


Бүгін «Бірге – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ұжымы клиниканың бірінші басшысы Роза Қуанышбекованың жетекшілігімен ұйымдастырған түрде санитарлық тазалық пен көгалдандыру бойынша сенбілікке  шықты.



Институт қызметкерлері іс-шараға үлкен ықыласпен қатысты.



Қысқы кезеңнен кейін институттың барлық аумағы, сонымен қатар іргелес аумағы да тазартылып, көшеттер мен гүлдер отырғызылды.



Сенбілік ұжымды біріктіріп, командалық рух бергені сөзсіз.