Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ №1 терапия бөлімшесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 2021 жылы гастроэнтерологиялық, эндокринологиялық, гематологиялық бейіндегі, жүрек-қан тамыр ауруларының жүйесі және т.б. аурулармен ауыратын 1103 пациент емделіп шықты, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 317-ге артық.
Стационарлық емді тек қана Алматы қаласының және астана тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның барлық облыстарынан келген науқастар да қабылдады.
Сондай-ақ, бөлімшенің жетекші мамандары пациенттерді емдеу және қарап тексеруге қатысты шешім қабылдау бойынша көмек көрсету үшін өңірлердің басқа медициналық ұйымдарындағы әріптестерімен бірлесіп гастроэнтерология, эндокринология және гематология бойынша 150-ден астам телемедициналық консультациялар жүргізді (2020 жылы 137 телеконсультация өткізілген болатын).