Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бірінші басшысы Розы Куанышбекованың бастамасы бойынша 2021 жылдың желтоқсан айында құрамында кардиохирургтар, анестезиолог, нефролог, кардиолог, аллерголог, эндоринолог, сәулелік диагностика дәрігері, орта медицина қызметкерлері бар институттың 16 маманы әлемдегі ең үздік клиникаларының ондығына кіретін «Шиба Тель-Хашомер» (Тель Авив, Израиль) медицина орталығында біліктілікті арттырудан өтті.
Клиниканың қызметкерлері орталықтың жетекші мамандарымен бірге кардиохирургиялық операцияларға, нефрологиялық, кардиологиялық, эндокринологиялық бейіндегі пациенттерді қарап тексеруге қатысып, тікелей бөлімшелерде жұмыс істей отырып, үлкен тәжірибе алды. Олар қазіргі заманғы ең жаңа жабдықтардың жұмысымен танысты.
Кардиохирургтар Жанар Нұрбай мен Тимур Ибрагимов профессорлар Э.Ранани мен Л.Стерниктің кардиохирургиялық пациенттерді ЭКМО және LVAD тексеріп қарауын, шағын операциялар жүргізуін, криоаблация мен 3D эндоскопиялық операциялардың инновациялық әдістерін үйренді, сондай-ақ өздерінің ҒЗИ кардиохирургиялық бөлімшесінің жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті. Функционалдық, ультрадыбыстық және сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Қайрат Мурзалин сәулелік диагностика бөлімшесінің жұмысымен және заманауи КТ мен МРТ аппараттарымен, стресс эхокардиография мен сцинтиграфияға арналған медициналық жүктеме әдісімен танысты, бұл институтта осындай тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді. Терапия бөлімшесінің меңгерушісі Лейла Мамедова нефрологиялық және ревматологиялық бейіндегі пациенттерді емдеу, гемодиализдегі пациенттерді тексеріп қараудың тәжірибесімен танысты.
Рентгенэндоваскулярлық операция блогының меңгерушісі Алексей Колесников мейіргерлермен бірге орталықтың катеризация зертханасын көрді, TAVI импланттау, коронарлық артериялардың зақымдануының күрделі жағдайларын стенттеу тәжірибесімен танысты. Институттың жетекші интервенциялық кардиологтары мен кардиохирургтары да қолқа қақпақшасының транскатетерлік имплантациясын жүргізетіндігін айта кеткен жөн. Кардиолог Ақмарал Амерқұлова соңғы халықаралық ұсынымдар бойынша жоспарлы және шұғыл кардиологияда кардиологиялық бейіндегі пациенттерді, инфаркқа шалдыққан пациенттерді емдеп қараудың тәжірибесімен алмасты. Клиникалық-диагностикалық зертхананың меңгерушісі Бибінұр Қожабекова түрлі ауруларды дәл диагностикалау үшін заманауи құрылғылармен жабдықталған орталықтың бірқатар зертханаларында болды. Аллергология орталығының меңгерушісі Арай Батырбаева израиль әріптестерін ҒЗИ енгізілген аллергологиядағы инновациялық әдістермен таныстырды, дәрілік, тағамдық және маусымдық аллергияны емдеудің тәжірибесімен танысты.
Институттың орта медицина қызметкерлері (операция мейіргерлері, рентген зертханашылар, перфузиолог пен инфекциялық бақылау мейіргері) орталықтың түрлі бөлімшелерін аралап, пациенттің ауруханаға түскен сәтінен бастап одан шыққанға дейінгі, науқастарды операция бөлімінде қарау, оның ішінде эпидемиологиялық жағдайдағы жүргізіп жатқан жұмыстарымен танысты.
Орталықта біліктілігін жетілдірілген мамандар Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да пациенттерді емдеп қарау, хирургиялық тактика мен аппаратурамен жұмыс істеудің инновациялық технологияларын енгізуге дайын.