Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Роза Қуанышбекова Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай журналистермен кездесті.
БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, Алғыс хаттарын тапсырып, институт басшысы тығыз ынтымақтастық және олардың жемісті еңбегі үшін өз алғысын білдірді.
Роза Тохтанәліқызы: «Журналистика – өте қызықты да жауапты мамандық. Күнделікті еңбектеріңізмен сіздер халыққа еліміздегі, сонымен қатар бұкіл дүние жүзінде болып жатқан жаңалықтар туралы ақпарат бересіздер, қоғамдық пікірді қалыптастырасыздар. Сіздер және сіздердің әріптестеріңіз еліміздің жас баласынан қарттарына дейін күнделікті өмірде қажет ететін денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді көтересіздер. Сіздердің тікелей қатысуларыңызбен денсаулық сақтау саласына қатысты барлық жаңалықтар шұғыл түрде халыққа жария етіліп жатады», деп атап өтті.
Басқарма төрағасы қазақстандық барлық БАҚ өкілдеріне осындай мереке күні іске адалдығы мен аянбай қызмет еткендері үшін алғыс білдіріп, жаңа шығармашылық табыстар тіледі.
Кездесуде «Медицинадағы инновациялар» журналының бас редакторы Ерлан Тастанбеков, журналдың бас редакторының орынбасары Евгений Пастухов, «Алматы» ТА ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар департаментінің директоры Айгерим Ағылтаева, блогер Думан Қапасов, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы Айнаш Есали, «Baq kz» ақпараттық агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі Әділет Мұсахаев, «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі Алма Мұқанова, «СТВ» ТА корреспонденті Максим Григорьев, «Жас қазақ» АА тілшісі Мақпал Ноғайбаева және т.б. болды.
Тілшілер өз кезегінде осындай кездесу үшін клиника басшысына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, мерекелеріңіз құтты болсын!