Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұжымы жұмыс жиыны барысында қоғам белсенділерінің жаңа Денсаулық туралы кодексіне арналған петициясына қолдау білдірді.
Кодекстің жаңа редакциясын талқылаудың белсенділігін және ашықтығын ескере отырып, сөз сөйлегендер құжаттың медициналық қызметтің барлық түрлерін, ғылым мен білімнің даму мәселелерін, медициналық көмектің көрсетілу деңгейі және т.б. қамтитындығы туралы айтты. Мұнда барлық жағдайлар, оның ішінде – Кодекстің қарсыластарында дәлелсіз сұрақтарды тудыратын вакцинация және трансплантация бойынша барлық мәселелер жазылған. Өкінішке орай, адамдар қауесеттер мен анықталмаған ақпараттарға сенеуде.
Жобада берілген туберкулезға, В вирустық гепатитіне, полиомиелитке, көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, қызылшаға, паротитке, гемофильді және пневмоккокты инфекцияға қарсы вакциналар жүргізудің міндеттілігі, сондай-ақ мәйіттік трансплантация бойынша позициялардың өмірлік маңызы бар.
Көптеген отандастарымыз ағзаларды ауыстыру бойынша операцияларды күтіп отыр. Трансплантация жасаудың арқасында олар белсенді өмірге қайтып келуіне, ал медицина қызметкерлері жүздеген және мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік алады.
Жалпы барлық пікірлердің арқауы ұлттың денсаулығы мен халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған «Біз жаңа Кодекс пен халқымыздың денсаулығы үшін» қолдау позициялары болды.