Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарында 2021 жылы кардиология, аллергология, эндокринология, гастроэнтерология және ревматология бейіндері бойынша 1898 науқас емделді. Егер салыстыратын болсақ, 2020 жылы стационарды алмастыратын көмекті 1371 пациент қабылдаған болатын.
1898 науқастың 1749-ы қанайналым жүйесі, жүректің ишемиялық ауруы, кернеу стенокардиясы, артериялық гипертония, жүрек ырғағының бұзылысы, дилатациялық кардиомиопатия аурулары бар кардиологиялық бейіндегі науқастар. Пациенттерге консервативті емдеу, миокардтың тіндерінде жинақталуға қабілетті изотоптар қолданылатын миокардтың перфузиялық сцинтиграфиясы жүргізіледі. Олар жүрек бұлшықетінің қанағымы арқылы зерттелетін аймаққа түсіп, қанмен қамтылуы толық болатын жерде тұнады. Бұл процесс түрлі-түсті суреттерде жақсы байқалады. Гамма-камера сәулені анықтайды. Компьютерге ауыстырғаннан кейін зерттеу жүргізетін дәрігер жүректің қай аймағында қанмен жақсы қамтамасыз етілетіндігін, қайсысында нашар екендігін көреді. Жабдық жүрек-қантамыр жүйелері, асқазан-ішек жолдары, эндокриндік және басқа аурулардың патологиясы бар науқастарға жүргізілетін зерттеудің сапасы мен көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Соңғы екі жыл ішінде амбулаториялық жағдайда диагностикалық коронароангиография жүргізіледі. Егер 2020 жылы 997 коронарография жасалған болса, 2021 году 1102 жасалды. Зерттеулердің қорытындысы бойынша пациенттерге жүрек тамырларына стенд қою және шунттау ұсынылды.
Бөлімше дәрігерлері диагнозды дер кезінде және нақты қою үшін заманауи және сапалы деңгейде зерттеулердің кең спектрін қолданады. Негізгі терапиясы, емдеуі таңдалады, науқастың жағдайына күнделікті бақылау және жоспарлы емдеу шаралары жүргізіледі.