Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ консультативтік-диагностикалық орталығының дәрігерлері 2021 жылы 10 964 пациентті қабылдады


Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ консультативтік-диагностикалық орталығының дәрігерлері 2021 жылы 10 964 пациентті қабылдады, ол 2020 жылмен салыстырғанда 215 адамға артық, олардың 4463-і Қазақстанның басқа өңірлерінен келгендер (2020 жылы 4224 пациент келген).



Стационарда және Республикалық аллергологиялық орталығында жұмыс істейтін медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, көп жылдық жұмыс өтілі бар жоғары санаттағы дәрігерлер өткен жылы 37 693 пациентпен консультация жүргізді.



КДО-да диагноз қойылып, емдеу тактикасы айқындалып емдеуге жатқызу, инвазивті емес және операциялық араласулар жүргізу туралы мәселелер шешіліп, 16 мамандық бойынша ересектерге консультациялық, амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсетіледі, сондай-ақ зертханалық, сәулелік, функционалдық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық және диагностиканың басқа да түрлері жүргізіледі.



Орталықтың жетекші мамандары жыл бойы еліміздің емханаларының кардиологтары үшін түрлі деңгейдегі артериялық гипертонияны және коморбидтік жағдайларды емдеу, сондай-ақ Еуропалық гайдлайндардағы, яғни науқастарды емдеудің ең үздік практикасындағы жаңа өзгерістер,  дәлелді-негізделген ұстанымдарды көрсететін ұсынымдар бойынша бірқатар вебинарлар өткізді.



Клиниканы дамыту шеңберінде қашықтықтан ақылы консультацияларды енгізу жоспарланып отыр.