Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Пациент мектебінде кардиостимулятормен қалай өмір сүру керектігі түсіндірілді


Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Пациент мектебінде жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылысы бөлімшесінің бас мейіргері Лариса Васман кардиостимулятормен қалай өмір сүру керектігі туралы айтып берді. Ол институтта емделіп жатқан пациенттерге әдеттегі өмір сүру салтына қалай оралуға болатындығы, кардиолог тағайындаған препараттарды қабылдау қажеттілігі, физикалық белсенділікті шектеу және т.б. түсіндірді.



Оқыту барысында алынған білім мен дағдылар пациенттердің өз сырқатына қатысты: қауіп факторлары, оның дамуы мен мүмкін болатын асқынулар туралы  ақпараттануын арттыруға мүмкіндік береді.



Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 2019 жылғы тамыз айынан бастап эндокринолог, гастроэнтеролог, нефролог, кардиолог, пульмонолог және аллерголог мектептері  ашылды, мұндағы басты мақсат – пациенттің емделуге деген бейімділігін арттыруға ықпал ету, денсаулығын сақтауға деген ынтасын қалыптастыру, пациенттің өз денсаулығы мен өмір сүру сапасы үшін жауапкершілігін арттыру, емдеу және оңалтудың тиімділігіне медициналық қызметкер мен пациенттің бірлігін қамтамасыз ету екенін айта кеткен жөн.