Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ пациенттері: дәрігер мен мейірбикелерге рахмет!


№2 терапия бөлімшесінің пациенттері де Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыстарын білдірді.



Қаскелең қаласының тұрғыны, БСА, АГ диагнозы бар 52 жастағы Дильбар Тагиева: «Мен осы клиникада 5-ші рет емделіп жатырмын. Мұндағы мамандар өте білікті. Әр пациентті жеке қарап, мұқият тыңдап, емдейді. Тіпті ауруханадан шыққаннан кейін де біз оларға телефон шалып, телефон арқылы кеңес алып отырамыз», - деді.



Тараз қаласынан келген 62 жастағы Валентина Корзун де әңгімеге араласып, өз жағдайын айтты: «Мен 2010 жылы ауырып қалдым, ешбір медицина ұйымы диагноз қоя алмады. Маған осы клиникаға қаралуыма кеңес бергендер көп болды, сондықтан мен 2012 жылы осында келдім. Маған бірден диагноз қойылып, менде сирек кездесетін ауру – Хортон ауруы, яғни алып жасушалы васкулит болып шықты».



«Бұл клиникада өте білікті мамандар жұмыс істейді, бұл ревматолог Ольга Машкунова, бөлімше меңгерушісі, нефролог және ревматолог дәрігер Лейла Мамедова. 7-ші рет емделуге келіп отырмын, пандемия кезінде келе алмадым, ол да бітті, мен қайтадан ем қабылдай бастадым, тиісті дәрілер тағайындалды. Мен барлық дәрігерлерге, мейіргерлерге өте ризамын»,- дейді Валентина Ивановна.



Ляззат Чикабаева, 54 жаста, ревматоидты артрит диагнозымен клиникада 4 жыл бойы емделіп жатқандығын айтты. Ляззат Қырғызбайқызына да басқа жерлерде диагноз қоя алмағандығын айта кету керек. Ол институттың стационарына бірінші рет ауыр күйде түсіп, диагноз қойылып,  емделіп шыққан. Қазір ол өз ісіне адал, білікті мамандардың арқасында өзін жақсы сезінетіндігін айтты. Бұл Лейла Мамедова, ревматолог Маржан Абдуллаева және барлық мейіргерлер. Пациент палаталар таза, жайлы – осының барлығы бізді қуантады, тамағы да жақсы, дейді. Үлкен ризашылығын білдіруде.



50 жастағы алматылық Жазира Нурбекова, жас кезінен бронх демікпесімен ауырады екен, клиникаға түскенге дейін күн сайын жедел жәрдемді шақырып отырған. Ол, мені емдейтін пульмонолог дәрігер Айгерим Саменбаеваның «Мен Сізді күттім! деген сөзіне риза болдым, дейді.



 «Ал мұндағы мейіргерлер қандай! Біздің тамырларымыз жіңішке, нашар. Ал олар нағыз өз ісінің шеберлері! Бүкіл ұжымға табыс тілейміз!», - деп Жазира Бейсенқызы өз алғысын білдірді.



34 жастағы жүйелі қызыл жегі диагнозымен түскен Ергаламова соңғы 3 жыл ішінде клиникада стационарлық ем қабылдап жүр, оған да диагноз осы институтта  қойылды. Ол кісі де Лейла Пашаевна, Маржан Төлендіқызына, мейіргерлерге өз құрметін білдіріп жатыр.



4 баланың анасы, Тараз қаласынан келген 38 жастағы Меруерт Қуатова «Клиника толығымен жаңартылған, таза, іші әдемі. Барлық қызметкерлер мейірімді»,- деп өз алғысын  айтты. Бұл кісіге де осы клиникада дұрыс диагноз қойылғандығын айта кету керек.



Алматылық, ӨСОА диагнозымен келген 62 жастағы Фархад Файзуллин клиника мамандарының білімділігін, қарапайымдылығын, мейірімділігін айтып кетті. Бұл кісі ауруын асқындырып алған, стационарға жақында түсті, алайда оны қайтадан аяқтан тұрғызатындығына сенеді, өйткені 2 жыл бұрын осында емделіп шыққан.