Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ республиканың Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстанның рекордтар кітабына енді


Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ республиканың Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстанның рекордтар кітабына (ҚАЭА) енді.



Қазақстандық ақпараттық-энциклопедиялық анықтамасында (2019-2021ж.ж.) рентгенэндоваскулярлық операция блогының меңгерушісі Алексей Колесниковтың басқаруымен интервенциялық кардиологтардың Мagmaris  - магний қорытпасынан әзірленген еритін қаңқаны қолдануымен жүрекке жасаған бірегей операциясы тіркелді. Мagmaris – 12 ай аралығында тамыр ішінде толығымен сіңіп кететін әлемдегі алғашқы клиникалық дәлелденген сорғыш стент.



ҚАЭА рекордтар, қазақстандықтардың жетістіктері енгізілетін Қазақстандағы тұңғыш кітап. Анықтаманың негізгі кейіпкерлері және объектілері – адамдар, оқиғалар мен еліміздің байлығы.



Бұл ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында жасалған керемет сыйлық! ҒЗИ қызметкерлерін осы жетістіктерімен құттықтаймыз!