Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ үздік қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырудамыз


Баграмов Ақан Рахметоллаевич – жасанды қанайналым зертханасы бар кардиохирургия бөлімшесінің жоғары мамандандырылған перфузиолог дәрігері.



Қазіргі таңда жүрекке жасалатын күрделі операциялардың бірде-бірі жоғары білікті перфузиологтың қатысуынсыз өткізілмейді. Ақан Рахметоллаевич өз кәсібінде аса жоғары шеберлікке қол жеткізді. Перфузиологты өмір үшін аса  маңызды ағзалардың барлығында қанайналымның дұрыс болуын бақылайтын кардиохирург дәрігерлері бригадасының «жүрегі» десек те болады.



         Баграмов Ақан 2011 жылы Семей қ. Мемлекеттік медицина университетін аяқтады. 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазан мемлекеттік медицина академиясының клиникалық ординатурасында дәрігер, жүрек-қан тамыр хирургі бағыты бойынша білім алды. 2014 жылы «Перфузиология» мамандығы бойынша қайта даярлау курсын үздік аяқтады.



         2014 жылдан бастап Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирург дәрігері болып жұмыс істейді. Бүйрек, бауырдың созылмалы ауруы, қан тамыр аурулары және т.б. қосалқы аурулары бар ауыр кардиохирургиялық науқастарға жасанды қанайналым жасайды. Ақан Рахметоллаевич күрделі кардиохирургиялық операциялар кезінде, ми қанайналымының бұзылысы бар пациенттерге жабық контур қолдануда, экстракорпоральды мембранды оксигенация және жасанды қанайналым жүргізгенде, сондай-ақ қолқаның өрлеме бөлігінің аневризмасы кезіндегі гипертермия жағдайында перфузия жасаудың тәжірибесін меңгерген.



          ТМД, Еуропа елдерінің ең үздік клиникаларында тағылымдамадан өтті. Шетел мамандарының шеберлік кластарына қатысу арқылы үнемі өзінің білімін, тәжірибесін жетілдіріп отырады.



          Өзін мейірімді, ізденімпаз, білімқұмар және тез тіл табыса алатын жоғары кәсіби білікті маман ретінде көрсете білді.