Кардиология жне ішкі аурулар ҒЗИ 2021 жылы өңірлердің АББ мультитәртіптік командасының 660 астам маманын оқытты


Артериялық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және 2 типті қант диабеті секілді созылмалы ауруларды қарап-тексеруді жақсартуға  бағытталған Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) аясында 2021 жылы аралас форматта 7 өңірдің мультитәртіптік командасының 665 маманы оқытылды, олардың 246 дәрігер, 419 орта медицина қызметкерлері.



Циклдың тренері – КІА ҒЗИ өңірлермен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Раушан Жарылкасынова.



         АББ басты компоненті созылмалы аурулары бар ақпараттандырылған, белсенді адам мен емхана мамандарының, яғни мультитәртіптік команданың мүшелері – түрлі мамандықтағы мамандармен, мейіргерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен, салауатты өмір салты орталықтарының мамандары және психологтармен өзара тиімді әрекеттесуі болып табылады. Бұл мамандар  пациенттерге өзіне-өзі көмек көрсету және денсаулыққа әсер ететін факторларды бақылау дағдыларына оқытады.



«Созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламасын енгізу» оқыту циклы мамандардың өз мақсаттарына қол жеткізулеріне мүмкіндік беретін кәсіби білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін дамытуға бағытталған.



Барлық білім алған мамандарға сертификаттар тапсырылды.