Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Роза Куанышбекова мейрам күндері клиникада емделіп жатқан әйел пациенттерді мерекемен құттықтады


Роза Тохтанәлиқызы әр бөлімшедегі палаталарда жатқан әйелдер қауымына сырқаттарынан жылдам сауығып, отбастарына қуанышпен оралуларына және оларға бақыт-береке, көктемнің шуағындай жарқын көңіл-күй, жағымды эмоциялар мен  зор денсаулық тіледі. Ол кісі пациенттерге осы институтты таңдап және мамандарына сенім білдіргендері үшін алғысын білдірді.



Пациенттер, өз кезегінде клиника басшылығына және медицина қызметкерлеріне адал еңбектері мен кәсіби біліктілігі, пациенттерге деген жылы қарым-қатынасы, шынайы  қамқорлықтары үшін ризашылықтарын білдірді және осындай жауапты да аса күрделі еңбек жасап жүрген медицина қызметкерлеріне күш-жігер, денсаулық тіледі және осы клиникада толығымен сауығып кету үшін барлық жағдайдың жасалғандығын атап өтті.