Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұжымда жұмыс істейтін әйелдер мен қыздарға құрмет көрсетілді


Көктемгі көңіл-күйге толы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында  Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында  ұжымдағы әйелдер қауымына құрмет көрсетілді.



Институттың ынтымақты ұжымындағы ерлер қауымы әріптестеріне деген қамқорлығын білдіре отырып, осы мерекеге дайындықты өз қолдарына алды.



Әйелдер мен қыздарға гүл шоқтарын сыйлай отырып, ер адамдар әйелдерге деген қамқорлықты, олардың еңбегінің өлшеусіз және бүгінгі өмір көшінің бел ортасында әйел-аналар еңбегінің зор екендігін атап, бүгінгі күн жақсы көңіл күйге толы болсын деген тілек білдірді.



Осындай мереке күні әйелдер қауымына арнап әзіл-оспақ, күлкі және аспаптық трионың қатысуымен концерттік бағдарлама  дайындалды. Әйелдердің көңіл күйінің құбылмалы болатындығы секілді, бүгінгі Алматының ауа райының да жаңбырдан қарға ауысуына қатысты әзілдер де болды. Көптеген жылы лебіздер айтылып, әйелдердің жүздері қуаныш пен шаттыққа толы болды.