КІА ҒЗИ COVID-19 короновирустық инфекциясына күдік туындаған кездегі медицина қызметкерінің іс-әрекеттерінің алгоритмі талқыланды


Бүгін  Кардиология  және  ішкі  аурулар  ҒЗИ  аппараттық  мәжіліс  барысында



COVID-19 короновирустық инфекциясына күдік туындаған кездегі медицина қызметкерінің іс-әрекеттерінің алгоритмі талқыланды.



Институттың мейіргер ісі жөніндегі директоры Инна Тараненко медицина ұйымында науқасты (күдіктіні) анықтаған кезде медицина қызметкері қандай әрекет жасауы қажеттігі туралы толық түсінік берді.



Бұл ретте жеке қорғанудың құралдарын, респиратор-масканы өзіне қалай кию керектігі көрнекі түрде көрсетілді.



Қатысқандар сонымен қатар спиртті ерітіндіні немесе сабынды пайдалана отырып, қолды қаншалықты жиі жуу қажеттілігін, жөтелу әдебін сақтау секілді профилактиканың жалпы шараларымен таныстырылды. Өзін қызбасы және жөтелі бар науқастардан,  адамдардың көп жиналатын орындарынан, жануарлар, құстар, сүтқоректілерден алшақ ұстауға, зообақта немесе жабайы табиғатта, шикі немесе шала пісірілген мал немесе теңіз өнімдерін тұтынудан бас тарту; егер дене қызуы жоғарылап, жөтел, ентігу немесе тыныс алуы қиындап жатса үйге дәрігерді дереу медициналық көмек көрсетуге шақыруға және дәрігерге өзінің саяхаттан келгендігі туралы ақпарат беруі туралы ұсынымдар берілді.



Қызметкерлерге көпшілік жиналатын орындарға барудан бар тарту, қарым-қатынастарды шектеу, өздері дүрлікпей және дәлелсіз ақпаратты таратпау туралы мәліметтер берілді.