КІАҒЗИ дәрігерлері мен резиденттеріне коронавирус инфекциясы кезіндегі пневмония ағымы, диагностикасы және емдеуінің ерекшеліктері туралы айтылды


Бүгін Кардиология және ішкі аурулар  ҒЗИ-ның Пульмонолог мектебінде Жоғары білім  алудан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, м.ғ.д., профессор Сәуле Касенова «Коронавирустық инфекция  кезіндегі пневмонияның ағымы, диагностикасы және емдеуінің ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыды. Ол коронавирус инфекциясының әлемде және Қазақстанда таралуының статистикалық деректеріне тоқталды.



Коронавирус инфекциясының диагностикалық алгоритмі ең алдымен эпидемиологиялық анамнезді мұқият жинауға  – шетелге шығу немесе шетелде болған адамдармен байланысу деректерінің болу және болмауына  негізделген. Өлім-жітімге әкелетін коронавирус  инфекциясының ең қауіпті асқынуы - ол пневмонияның дамуы. Классикалық бактериалдық пневмониямен салыстырғанда вирустық пневмонияның ерекшеліктеріне тоқтаусыз құрғақ жөтел, науқастың жай – күйінің күрт нашарлауына әкелетін тез ентігудің қосылуы жатады. Сонымен қатар зертханалық диагностиканың қорытындыларымен ерекшеленеді, лимфопенияның пайда болуы,  прокальцитониннің қалыпты мәндегі Д-димер деңгейінің көтерілуі назар аударуды талап етеді.  



Пневмонияның күрделі жағдайларын емдеу - респираторлық қолдау әдісін еретерек қосуға негізделген. Профессор С.Л.Касенова  өзінің әріптестеріне коронавирустық инфекциясының диагностикасы және емделуі жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 3 ақпанда бекітілген  жаңа клиникалық хаттамасын, сондай-ақ әлемдік әдебиеттердің мәліметтерін пайдалануды ұсынды.