КІА ҒЗИ-да 2019 жылы жасалған кардиохирургиялық араласулардың 88%-ы күрделіліктің жоғары санатындағы операциялар болды


Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жасанды қанайналым зертханасы мен операция блогы бар кардиохирургия бөлімшесінде 2019 жылы жасалған араласулардың 88%-ы күрделіліктің жоғары санатындағы (4,5,6) операциялар болды, бұл ретте асқынулардың саны 1,7%-ды құрады.



Бөлімшеде ересек тұрғындарға кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлері жасалады. Бұл әлемге танымал брендтердің материалдарын пайдалана отырып жүрек қақпақшасын протездеу, аортакоронарлық шунттау, қолқа патологиясы кезіндегі операциялар мен жүрек ісіктерін алып тастау.



Стандартты оперативтік араласулардан басқа  мұнда жүректің туа біткен және жүре пайда болған кемістіктерін емдеуде азинвазивті технологиялар кең қолданылады.



Ерекше тәжірибені меңгерген бөлімше гипертрофиялық кардиомиопатияны, жанамалас патологияны (жүрек ырғағының бұзылысы және жүрек кемістігі) емдеудегі сараптама орталығы болып табылады.



Күн сайын орталық қызметкерлері тікелей медицина ұйымдарына немесе телеконференцияларды пайдаланумен шыға отырып басқа клиникаларға консультациялық-емдік көмек көрсетуді жүзеге асыруда.