КІАҒЗИ-да 2020 жылы ТМККК шеңберінде 6145 пациент емделуге жатқызылды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 51%-ға артық


Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Меруерт Әбілдаеваның айтуынша, 2020 жылы клиникаға 6667 пациент (2019 жылы – 5541), олардың ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде – 6145 пациент емделуге жатқызылды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2077-ге артық.



Меруерт Қайырбекқызы: «Біздің клиниканы таңдаған пациенттердің  уайымдамай, қобалжымай, қабылдау бөлімшесінде көп күтпей және оларды дәрігерлер мен мейіргерлердің мейіріммен қабылдап, өз міндеттерін жауапкершілікпен орындауы үшін біз бөлімшедегі еңбектің дұрыс ұйымдастырылуына  көңіл бөлеміз», - дейді.



Қабылдау бөлімшесінің барлық дәрігерлері осы институттың базасында түрлі циклдар бойынша біліктіліктерін арттыруға мүмкіндіктері бар.



Бөлімше Philips DFM-100 дефибрилляторы,  ЭКГ-аппараттары және т.б. қажетті медициналық жабдықтармен жарақталған. Сонымен қатар, сырқат түрлеріне қарай, пациенттер өткен жылдың соңында және ағымдағы жылдың басында пайдалануға берілген бірегей аппарат – гамма-камерада, Hitachi Аloka Arietta премиум класындағы ультрадыбыстық зерттеу аппаратында тексеруден өте алады.



Институттың қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі 2020 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емделуге жатқызылған пациенттердің басым бөлігі Алматы қаласынан - 3298 (54%), Алматы облысынан - 2072 (34%), Жамбыл облысынан - 239 (3,9%), Қызылорда облысынан - 210 (3,4%) және Маңғыстау облысынан - 63 (1,1%) болғандығын атап өтті.



2020 жылы Кардиология және ішкі аурулары ҒЗИ-да сонымен қатар Корей, Германия, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Ауғанстан және Қырғыз елдерінен келген азаматтар емделді.