Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жетекші ғылыми медицина орталықтарымен ынтымақтастық шеңберінде 2022 жылдың 25 шілдесінен 19 тамызға дейін Іргелі және трансляциялық федералды зерттеу орталығының жетекші қызметкері, м.ғ.д. Сергей Артеменко операция жасайды. Дәрігер нағыз «зергерлік» жұмысты орындайды. Операция бойынша көрсеткіш – жүрек ырғағының туа біткен және жүре пайда болған патологиялары.
Ресей аритмологы клиникамен 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, шеберлік кластарын өткізіп келеді.
Жүректің күрделі бұзылыстары бар пациенттерге CARTO3V7 Prime жүрекішілік навигациясының 3-өлшемді жүйесін пайдалана отырып операциялар жасалады. Бұл жабдық Алматы қ. тек Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да орнатылған.
Бірегей қондырғы аритмияның көптеген түрлерін емдеуге қабілетті. Бұл ырғақ бұзылысын диагностикалаудың дәлдігін, операциядан кейінгі кезеңде пациенттердің өмір сүру сапасын арттыру, қайта ауруханаға жатқызу және асқынулар санын азайту есебінен пациенттерді емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сергей Артеменко – РҒА профессоры, ІТФЗО директордың ғылыми-клиникалық жұмыстары жөніндегі орынбасары, жүрек ырғағының күрделі бұзылыстары бар пациенттерге 10 мыңнан астам операция жасаған. Олар жүрекше фибрилляциясы бар пациенттерге жасалатын радиожиілікті катетерлік аблация процедураларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер әзірлеуге жағдай тудырды.
Әдістеменің деректері халықаралық және ұлттық клиникалық ұсынымдарға енгізілді.
140 астам ғылыми жұмыстары бар, 1 патенттің авторы. Жүрек-қантамыры хирургиясын дамытуға, жүрек-қантамырлары ауруларын диагностикалау және емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуге қосқан үлесі үшін РМҒА академигі Е.Мешалкин ат. сыйлықтың лауреаты.