КІАҒЗИ-да ағымдағы жылдың 5-30 cәуір аралығында «Клиникалық эхокардиография» тақырыбы бойынша біліктілікті арттырудың циклі өтеді


Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында «Клиникалық эхокардиография» тақырыбы бойынша 2021  жылдың 5 және 17 сәуір аралығында ұзақтығы 2 апта, 120 сағ. (бағасы – 65 000 тг.), 5 және 30 сәуір аралығында ұзақтығы 240 сағат/4 апта (бағасы – 120 000 тг.) функционалды диагностика дәрігерлері мен кардиологтарға арналған біліктілікті арттырудың циклі өтеді.



Циклдың тренері - кардиология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Сауле Уразалина.



Барлық сұрақтар бойынша 8 777 244 6090 телефоны (whats upp, telegram) арқылы  хабарласуға болады.