КІА ҒЗИ-да Денсаулық жағдайын профилактикалық қарап-тексеру бағдарламасы және жеке бағдарламалар іске асырылуда


Денсаулық жағдайының профилактикалық қарап-тексеру бағдарламасы және қарап-тексеруді жүргізудің жеке бағдарламасы - аритмияның бірнеше түрімен шалдыққын пациенттерді қарап-тексеру, жүрек маңы аурулары бар түрлі жастағы әйелдер мен ер адамдарға арналған  стандартты және кардиологиялық бағдарлама; спортпен айналысу үшін қарап-тексерілу бағдарламасы; артериялық гипертензияны анықтау бойынша корпоративтік бағдарламалар; онкопатологияны анықтау, сондай-ақ өкпе ауруларын тексеру бағдарламасы. Осы бағдарламаларда  пәнаралық тәсілдер қолданылады, жоғары білікті мамандар, профессор-оқытушылар құрамы тартылады.



Патологиялардың бейіні бойынша тексеріп қарау бағдарламасы қанайналым жүйелері ауруларын, жүректің ишемиялық ауруын, аритмологияны, жүректің туа біткен және жүре пайда болған кемістігін, эндокриндік патологияны, жүйелі ауруларды, асқазан-ішек жолдары және өкпе патологияларын анықтауға және диагностика жасауға бағытталған.



 Емшаралар саны пациентпен анықталып дәрігермен түзетіледі. Базалық тексеріп-қараулар пациент таңдаған кесте бойынша 2 жұмыс күні аралығында жүргізіледі.



Дәрігер пациент өзін жайлы сезіну үшін тексеріп-қараудың барлық бағдарламасы барысында науқаспен бірге жүреді.  Маманның тағайындалған уақытқа дайындығын, пациенттің тілегі немесе тексеру нәтижелері бойынша қосымша зерттеулер жүргізудің мүмкіндігін анықтайды. Қорытынды әңгіме өткізу барысында емдік нұсқаулықтар беріледі.



Көптеген жылдардың тәжірибесі кешенді тексеріп-қараудың қажеттілігінің жоғары екендігін көрсетті, өйткені бұл қызмет маманның білім деңгейі жоғары болса, көп бейінді стационар жағдайында жүргізіле алады. Тексеріп-қараудың қолжетімді болуы қамтамасыз етіледі, яғни пациент үшін ыңғайлы болатын күні мен уақыты белгіленеді. Пациентті динамикалық бақылау жүргізіледі. Диагноз қойылған кезде бірден емдеуге жатқызу, инвазивтік емес және оперативтік араласуларды жүргізу мәселесін шешуде көмек көрсетіледі.