КІАҒЗИ иммуноблотинг әдісімен иммундық қабыну ревматикалық ауруларды диагностикалайды


Ревматология жүйелі аутоиммунды ауруларды емдеумен айналысады. Қазіргі кезде олар иммундық қабыну ревматикалық аурулар ретінде анықталады. Оларға ревматоидты артрит, анкилозды спондилит, псориатикалық артрит, жүйелі қызыл жегі, жүйелік склероз, дерматомиозит және басқа да аурулар жатады. 



Оларды диагностикалау үшін органдық арнайы аутоантиденелердің болуына иммуноблотинг жасау, яғни аутоиммунды аурулардың маркерлері сияқты заманауи зерттеу әдістері қолданылады. Иммундық қабыну ревматикалық ауруларының себебі осы уақытқа дейін анықталған жоқ, бірақ жүйелі аурулардың дамуына әкелуі мүмкін ревматикалық аурулардың қоздырғыштары: вирустар, бактериялық инфекциялар, инсоляция, салқын тию, жарақаттар, күйзеліс.



Иммундық-қабыну ревматикалық аурулардың даму механизмі өте күрделі, сондықтан оларды емдеуде дәлелденген базалық терапиямен қатар глюкокортикоидтар, метотрексат, гидроксихлорокин және жақсы әсер етіп, ремиссияға әкелетін басқа да синтетикалық  дәрілермен емдеудің заманауи инновациялық әдістері қолданылады.



Бірақ терапияның стандартты схемасы тиісті әсер етпесе, гендік-инженерлік биологиялық терапия қолданылады.  Оның әрекет ету  принципі органдар мен тіндерге зиянды әсер ететін негізгі цитокиндерге нүктелік әсер ету болып табылады.  Мұндай емдеу әдісін қосу аурудың басылуына қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар гормондардың, стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың, цитостатиктердің жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Гендік-инженерлік биологиялық терапияны ревматолог дәрігер Қазақстанның клиникалық ұсынымдарына (хаттамаларына) сәйкес қатаң түрде көрсеткіштеріне қарай тағайындайды. 



Пациенттер гендік-инженерлік биологиялық препараттардың бір бөлігін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі немесе МӘМС шеңберінде тегін алады.



 Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да республиканың түкпір-түкпірінен иммундық қабыну ревматикалық ауруларымен емделушілер емделеді.  Қазіргі уақытта клиникада иммунологиялық диагностика - иммуноблотинг әдісімен иммундық қабыну ревматикалық ауруларын диагностикалау мүмкіндігі бар.



«Сонымен қатар, анкилозды спондилитпен, псориатикалық спондилоартритпен ауыратын науқастар ревматологиялық бейін бойынша емдеу барысында препаратты Альфа-адалимумаб ісік некрозы факторының ингибиторлары тобынан алуына болады», - дейді институттың жетекші консультанты, профессор, жоғары санатты ревматолог-дәрігер, ҚР Ревматологтар сараптамалық кеңесінің мүшесі Ольга Машкунова.



 «Жүйелі иммундық қабыну ревматикалық аурулар қазіргі уақытта толық емделмейді, бірақ гендік-инженерлік биологиялық препараттарды қолданатын заманауи инновациялық емдеу ауруды бақылауда ұстауға, аурудың басылуына қол жеткізуге, өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті профессор.



Жамбыл облысы Мерке ауылындағы жүйелі қызыл жегі және басқа да қатар жүретін аурулар (асқазан-ішек жолдарының патологиясы, терінің, асқазан-ішек шырышты қабығының зақымдануы, лейкопения, жүрек ауруы) диагнозы қойылған клиниканың пациенттерінің бірі соңғы 2 жыл ішінде институтта стационарлық ем қабылдауда.



Науқастың айтуынша, ол мүгедектік топта болған, бірақ институттың дәрігерлері: профессор Ольга Васильевна Машкунова, бөлімше меңгерушісі Лейла Пашаевна Мамедова, ревматолог-дәрігер Маржан Тулендиевна Абдуллаева сияқты дәрігерлердің арқасында бүгінде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.



Дәрігерлер үшін адамдардың денсаулығын сақтаудан асқан маңызды міндет жоқ.