КІАҒЗИ «Ішкі аурулар клиникасында орфандық ауруларды диагностикалау мен емдеудің өзекті аспектілері» тақырыбында оқыту бағдарламасы басталды


2021 жылдың 29 ақпанынан 3 наурызға дейін ZOOM платформасында онлайн форматында жалпы практика дәрігерлері, терапевтер, кардиологтар, ревматологтар, нефрологтарға арналған орфандық аурулар бойынша көлемі 54 сағаттық алғашқы оқыту сабақтары басталды.



Еліміздің 9 өңірінен 40-тан астам мамандар қорытынды бақылаудан өтті және біліктілікті арттыру туралы куәлік алды.



Бұл курстарды халыққа қызмет көрсететін өңірлердің дәрігерлеріне арналған білім беру іс-шаралары шеңберінде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында құрылған Орфандық аурулар бойынша үйлестіру орталығы ұйымдастырған болатын.



Курс тыңдаушылары алдында Орфандық аурулар орталығының үйлестірушісі Рашид Караев, С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ профессоры, м.ғ.к., КІАҒЗИ және ҚР ДСМ консультант-ревматологы, Орфандық аурулар бойынша үйлестіру орталығының емдік-консультациялық көмек көрсету бойынша медициналық үйлестірушісі Ольга Машкунова, КІАҒЗИ консультант-пульмонологы, профессор, м.ғ.д. Сәуле Қасенова және жоғары санатты гематолог дәрігер Олег Хан баяндама жасады.