КІАҒЗИ кардиохирургтары Қызылорда облыстық медицина орталығының әріптестеріне жүректің күрделі операциялары бойынша мастер-класс өткізді


Ағымдағы жылдың 29-31 қазан аралығында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының жасанды қанайналым зертханасы мен операция жасау блогы бар кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев Қызылорда қаласының өңірлік медициналық орталығының кардиохирургтары үшін жүректің күрделі операциялары бойынша мастер-класс өткізді.



Мастер-класс барысында 3 операция жасалды - біреуі қолқа қақпақшасының пластикасы (реконструкциясы), екіншісі  - митральды қақпақшаның пластикасы. Бұл операциялардың артықшылығы - пациенттерге өмір бойы қан сұйылтатын дәрілерді ішудің қажеті жоқ.



            Үшінші қолқа және қолқа қақпақшасын ауыстыру операциясы қолқа ақауы бар және қолқа аневризмасы бар науқасқа жасалды. Сонымен қатар, иституттың перфузиолог дәрігері Ақан Баграмов жүрекке күрделі операциялар жасау кезінде перфузия ерекшеліктері бойынша шеберлік сыныбын өткізді.


          Операциялар сәтті өтіп, науқастар өздерін жақсы сезінетінін айта кету керек,. Мұндай операциялар Қазақстан аймақтарында кардиохирургиялық қызметтің жақсаруына ықпал етеді.