Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ курортология бөлімімен клиникалық-диагностикалық зертханасында қанның ұю жүйесін зерттеу үшін тромбоэластометрия әдісі қолданылады.
Бұл әдіс бір сынақта қанның ұю жүйесінің барлық бөліктерінің: плазма, тромбоциттер және фибринолиз жүйесінің күйін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу автоматты төрт арналы «ROTEM DELTA» анализаторының көмегімен жүзеге асырылады.
ROTEM анализаторы әсіресе дәрігер пациенттің гемостазының функционалдық жағдайына қатысты тез шешім қабылдау қажет болған жағдайларда, мысалы, операция алдында және одан кейін, тіпті операция кезінде де пайдалы. Мұндай сынақ гемостаздың барлық негізгі процестерінің - коагуляцияның, фибринді тромбтың түзілуінің және тартылуының, фибринолиздің ағымдағы жағдайы туралы нақты ақпарат береді.
Сонымен қатар, дәнекер тіннің негізгі жүйелік ауруларын дифференциалды диагностикалау және арнайы антиденелерді анықтау мақсатында иммуноблотинг әдісі (LIA) енгізілді. Бұл әдіс науқаста ауру қоздырғышының әртүрлі антигендеріне антиденелердің сирек кездесетін түрлерінің болуын растауға және сипаттауға мүмкіндік береді.
Лайн-блоттар бір сынақта 9-дан 20-ға дейін әртүрлі аутоантиденелерді анықтайды, бұл анықталатын көрсеткіштер ауқымы бойынша басқа технологияларға қарағанда айтарлықтай артықшылық береді.