КІА ҒЗИ Консультациялық-диагностикалық орталығы (КДО) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде, сондай-ақ тікелей шарт жасау және ақылы қызметтер бойынша медициналық қызмет көрсетеді.
КДО ұлттық және халықаралық стандарттар деңгейінде халыққа медициналық көмек көрсету үшін заманауи емдік-диагностикалық құрал-жабдықтармен жарақталған. Мұнда кардиология, кардиохирургия, аритмология, эндокринология, гастроэнтерология, гепатология, аллергология, иммунология, ревматология бойынша кешенді тексерілулерден өте аласыз. Қабылдауды үлкен клиникалық өтілі бар медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, жоғары санаттағы дәрігерлер жүргізеді.
Орталықта ересектерге консультациялық, амбулаторлық-емханалық медициналық көмек және зертханалық, сәулелік, функционалдық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық және диагностиканың басқа түрлері көрсетіледі, олар: МСКТ коронарография, радиоизотопты сканерлеу, кардиостимуляторларды бағдарламалау және олардың жұмысының тексеру мониторингісі (Revil).
Орталықта диагностикалық процесті ұйымдастыру әр пациентке созылмалы жүрек қызметінің әлсіздігін емдеудің жеке жоспарын, стратегиясын және тактикасын ұсынуға мүмкіндік береді.
Орталық жанында терапевтік және кардиологиялық бейіндегі 30 төсекке арналған күндізгі стационар ұйымдастырылған. Мұнда жылына 2000-нан астам пациент ем қабылдайды.
Жүрекке операция жасалғаннан кейін оңалтудың бірінші және екінші кезеңдерінен өте аласыз, Консультациялық-диагностикалық орталықта бақыланып және стационардан шыққаннан кейін 3, 6, 12 ай өткеннен соң дәрі-дәрмектік терапияны түзете аласыздар. Бұл әсіресе инвазивтік және инвазивтік емес араласулардан кейін және миокард инфаргіне шалдыққаннан кейін динамикалық бақылау кезінде өте маңызды.