Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Консультациялық-диагностикалық орталығына Маңғыстау облысының Ақтау қ. тұрғыны, 1986 жылы туған жігіт артериялық қан қысымының жоғары болатындығына шағымданды. 6 жыл бойы тұрғылықты жерінде емделген, алайда еш нәтиже болмаған. Соңғы үш жыл ішінде оны үнемі басының ауыруы, құлақтағы шуыл және мұрыннан қан кету жағдайы мазалаған. Ол бірнеше рет тексерілген, жергілікті дәрігерлер емдеу тәсілдерін өзгертіп отырған, алайда науқастың жағдайы өзгермеген.
«Пациент еліміздің жетекші клиникасына - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ консультация алу және тексерілу үшін келуді шешкен», - дейді Консультациялық-диагностикалық орталықтың меңгерушісі, м.ғ.д. Қуат Абзалиев.
Түскен кезде пациенттің қан қысымы 170/80 мм сын.бағ. болды. Артериялық қан қысымын түзету үшін ол бірден тексерілуге жіберілді. Жүректің УДЗ, ЭКГ, мультислайдты компьютерлік томография жасалды. Препараттар тағайындалды.
МСКТ түсіргенде үлкен ісік – оң жақ бүйрекүсті безінің аденомасы анықталды. Ол оң жақ бүйректі қысып, төмен қарай ығыстырып, бауырды басады. Орталықтың мамандары пациентті шұғыл оперативтік емделуге жіберді.
Бұл Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ амбулаторлық практикасында институттың тәжірибелі және жоғары білікті мамандары дер кезінде дұрыс және нақты диагноз қойып, пациентті дер кезінде әрі қарай емделуге жіберген жалғыз оқиға емес. Мұндай жағдайлар көп. Бұл клиникамызда ең мықты мамандардың жұмыс істейтіндігін растайды.