КІАҒЗИ мамандары «Кардиология-2021 шеруде» Жыл сайынғы бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты


Кардиохирург Жанар Нұрбай мен интервенциялық кардиолог Алмат Қалжанов 2021 жылғы 7-9 қыркүйек аралығында «Кардиология-2021 шеруде» Жыл сайынғы бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияға және Ресей Денсаулық сақтай министрлігі Ұлттық кардиология ғылыми-зерттеу орталығының 61-сессиясына қатысты. (Мәскеу қ.).



Конференцияда TAVI – аорта қақпақшаларының транскатетерлік имплантациясының дамуы талқыланды. Өткен жылдан бері Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ интервенциялық кардиологтары мен рентген хирургтары жүректің жүре пайда болған кемістігі – аорта қақпақшасының стенозы бар пациенттерге эндоваскулярлық аорталық қақпақшаны импланттау бойынша операциялар жасай бастағанын айта кету керек.



Кардиохирург, интервенциялық кардиолог, функционалды диагностика дәрігері және кардиологтың командалық жұмысы маңызды гибридті хирургияның даму кезеңдері, кардиохирургиялық пациенттерді SMART реабилитациялау және созылмалы жүректің жеткіліксіздігі бар науқастарды емдеу мәселелері қаралды. Мысалы, Ресейдің медициналық орталықтарында СЖЖ кабинеттері құрылды, олардың ашылуы пациенттердің терапияға бейімделуіне әсер ететін тиімді шаралардың бірі. Пациенттерді CЖЖ проблемасы туралы хабарлар ету, олардың жағдайын бақылау және өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру маңызды.



 Жүрек трансплантациясын қажет ететіндер үшін құтқару болып табылатын LVAD бойынша еуропалық кардиохирургтардың тәжірибесі, сонымен қатар, пандемия жағдайындағы трансплантология мәселелері, ковидтің жүрекке әсері және т.б. талқыланды



Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтынан конференцияға қатысушылар әріптестерімен осындай ауқымды форумда алған әсерлерімен бөлісті және клиникада қолдануға болатын мәселелерді талқылады, Мысалы: клиникада жарақаттанушылықты азайту мақсатында бір пациентті емдеу кезінде бір мезгілде 2 түрлі тәсіл қолдану арқылы (эндоваскулярлық араласулармен бірге ашық операция) гибридті операцияларды жасау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, СЖЖ кабинеттері мен мобильді қосымшаны - CЖЖ бар науқастарға күтім жасаудың кешенді жүйесін құру мәселелерін қарастыруға болады.