Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ психотерапевті Рашид Азизов қызметкерлерге арнап «Дәрігердің жеке брендін дамыту» тақырыбында тренинг өткізді.
Қатысушылар жаттықтырушымен бірге «Дәрігердің жеке бренді не үшін қажет?» деген сұраққа жауап іздеді. Медицина қызметкерінің жеке бренді – бұл, ең алдымен, пациенттердің сенімін нығайту. Ол бәсекелестік артықшылықты құруға, диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және жаңа құзыреттілікті игеруге көмектеседі, маманның жеке құндылығын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ өзі де, жұмыс беруші де беделге ие болады.
Дәрігердің жеке бренді тек қана кәсіби біліктілігіне ғана емес, оның жеке қасиеттеріне, беделіне байланысты, ал қазіргі әлемде оның медиа кеңістігіндегі танылуына да байланысты.
Уақыттың жетіспеушілігіне қарамастан, бойларында кішіпейілділік секілді қасиетке ие әлемдегі ең ізгілікті мамандық өкілдері өздерінің жеке брендін дамытуы қажет.