Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында шеберлік-класс шеңберінде Іргелі және трансляциялық медицинаның федералды зерттеу орталығы (Новосибирск қ., Ресей) директорының ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі орынбасары, профессор, м.ғ.д. Сергей Артеменконың қатысуымен жүрек ырғағының күрделі бұзылыстары бар пациенттерге CARTO 3V7 Prime аппаратының соңғы нұсқасын пайдалана отырып операциялар жасалды.
Институт аритмологтары бірқатар операцияларды ресейлік әріптестерінің бақылауымен өз бетінше жасады.
Оперативтік араласулар жасалған ең жас пациенттің жасы бар-жоғы 22 жаста. Медициналық тексеру жүргізу барысында ЖОО студентінде жүрекше фибрилляциясы анықталды. Мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Ауыру симптомсыз өткен. Дәрігерлер жігітті қарап, жүректің синустық ырғағын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Операция сәтті өтті. Пациенттің жағдайы жақсы.
Ең егде жастағы пациент 80 жастағы әйел адам. Бұл науқасқа «жүрекшенің атипиялық дірілі» диагнозы қойылды. Науқасқа бұдан бұрын жүрек қақпақшасын ауыстыру бойынша операция жасалған. Мамандар инцизиялық аритмиясы бар науқастарға операция жасауға бара бермейтіндігін айта кету керек. Бұл пациент те операцияны жақсы көтерді.
CARTO 3 V7 Prime бірегей үш өлшемді жүрекішілік навигация жүйесінің арқасында жүрек ырғағының бұзылысы бар пациенттерге кез-келген операцияны жасауға болады.
«Институтта әлемдік стандартқа сай жабдықтың болуы бізге қазақстандық әріптестермен бірлесіп өте күрделі операцияларды, оның ішінде жүрек ырғағының бұзылыстары мен ілеспелі патологиялармен байланысты операцияларды жасауға мүмкіндік береді. 3D-технологиялар 1 миллиметрге дейін дәлдікпен аритмияның көзін табуға және пациентті проблемадан құтқара отырып, оны жоюға мүмкіндік береді»,- дейді профессор.
CARTO 3 V7 Prime шағын тіреуден тұрады, ол пациенттің жүрегінен «табылған» барлық ақауларды экранға шығарады. Ол ырғақтың бұзылысын диагностикалау және катетерді ауыстырудың дәлдігін арттыру, қайталап операция жасаудың қажеттілігін азайту, инфаркт, жүрек жетіспеушілігі, инсульт сияқты және т.б. кенеттен болатын өлім мен асқынулардың санын төмендету есебінен пациенттерді емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Дәрігерлердің айтуынша, шеберлік-класс шеңберінде 4 күн ішінде тек Алматы қаласынан ғана емес, сонымен қатар Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген де пациенттерге күн сайын 6-7 операция жасалатын болады. А.ж. ақпан айында түрлі жастағы жүректің күрделі патологиясы бар 25-тен астам пациентке операция жасалған болады.
Шеберлік-класс жақын және алыс шетелдердің жетекші ғылыми медициналық орталықтарымен ынтымақтастық шеңберінде өтуде.