Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да жақын және алыс шетелдердің жетекші ғылыми медициналық орталықтарымен ынтымақтастық шеңберінде клиниканың аритмологтары үшін Іргелі және трансляциялық медицина федералды зерттеу орталығының (Ресей) жетекші қызметкері, м.ғ.д. Сергей Артеменконың қатысуымен жүрек ырғағының күрделі бұзылулары бар науқастарға операциялар жүргізумен шеберлік класы өтті.
"Ағымдағы жылы біз рентгенэндоваскулярлық операциялық блокты халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жетілдірдік. Жүрек аритмиясын емдеу мәселелерінде «алтын стандарт» деп танылған CARTO 3 V7 Prime ерекше үш өлшемді жүрекішілік навигация жүйесін орнаттық. Бұл жүйе жүрек ырғағының күрделі бұзылулары бар науқастарға тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Ол жүрекке жасалатын түрлі аритмологиялық араласулар кезінде және халықаралық тәжірибеде сәтті қолданылады», - деді ҒЗИ Басқарма төрағасы, м.ғ.д., профессор Роза Қуанышбекова.
Емдеудің ең инновациялық әдістерінің бірі радиожиілікті аблация (РЖА) әдісі болып саналады. CARTO 3 V7 Prime пайдалану осындай процедураның тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы ерекше қондырғы жүректің толық үш өлшемді карталарын жасауға және адам өліміне алып келуі мүмкін ауру - аритмияның көптеген түрлерін емдеуге қабілетті. CARTO 3 V7 Prime – науқастың жүрегіндегі барлық «көріністерді» экранға шығаратын өте ақылды жабдықтармен толтырылған шағын тіреу.
Ресей кардиохирургі, Новосибирск қ. рентгенэндоваскулярлық диагностика мен іргелі және трансляциялық медицина бойынша ФЗО жетекші мамандарының бірі, м.ғ.д. Сергей Артеменконың айтуынша, осы әдіс алынатын параметрлердің дәлдігінің арқасында процедураны тиімді және жылдам етеді. 1 мм дейінгі дәлдікпен 3D-технологиялары аритмия көзін – басқа қан тамырларына зақым келтірмей патологиялық ошақты табуға мүмкіндік береді, пациент толықтай қалпына келеді, тіпті операция барысында нәтиже көрінеді.
CARTO 3 V7 Prime операция жасау жүйесімен жарақтандыру жүргізілетін емшаралар мен емделіп шыққан пациенттер санын арттыру, жүрек ырғағының бұзылуларын диагностикалаудың дәлдігін арттыру мен катетер локализациясы есебінен пациенттерді емдеу мен әдістеменің тиімділігін арттыру, бір пациентте қайталап араласу қажеттілігін азайту, инфаркт, жүрек жеткіліксіздігі, инсульт сияқты және т. б. кенеттен болатын өлім мен асқынулардың санын азайтуға мүмкіндік береді.
16 ақпаннан 19 ақпанға дейін шеберлік класы шеңберінде түрлі жастағы жүректің күрделі патологиясы бар шамамен 30 пациентке операция жасалатын болады. Ерекше бір жағдайды айта кету керек, бүгін 27 жастағы, 20 апталық жүктілігі бар пациентке операция жасалды. Ол әлсіздік, басының айналуы, есінен тану, жүрек жұмысындағы үзілістер, қалыпты дене қимылының жүктемесі кезінде ентігу, жалпы әлсіздік, шаршау секілді белгілермен ілесетін жүрек соғысының жиілену ұстамасының болатындығына шағымданды. Оған пароксизмалды қарыншаүсті тахикардия диагнозы қойылды. Синкопе. Операция сәтті өтті. Пациент өзін жақсы сезінеді.
CARTO 3 V7 Prime жүрекішілік навигацияның осы үш өлшемді жүйесі Алматы қаласында тек Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да, ал астанада - Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында орнатылғанын атап өткен жөн.