Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын қолдайды.
Өзінің Жолдауында Мемлекет басшысы: «Пандемия туындатқан дағдарыс бізді көп нәрсеге үйретті. Мәселен, дәрігердің еңбегін бағалай білетін болдық» деп атап өтті. Пандемияға орай эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог, кардиолог сияқты сирек мамандық иеленетін дәрігерлерді даярлау мәселесі өткір қойылып отыр.
Осыған байланысты, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ резидентурасында 2020 жылдың шілде айында кардиологтар, эндокринологтар, гастроэнтерологтар, аллергологтар, нефрологтар мен анестезиолог-реаниматологтар секілді бейінді мамандар білім алуды аяқтағандығы туралы айтып өткен жөн. Институт резиденттердің 2019 және 2020 жылдары тар бейінді мамандарға аса мұқтаж өңірлерге жұмысқа орналасуын 100%-ға дейін жеткізді.
Клиника ұжымы ұлттық денсаулық сақтау саласының әрі қарай дамуына да өзінің ортақтастығын білдірді.