Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Клиникалық-диагностикалық зертханасының жабдықталуы, ауруды диагностикалауда жаңа технологияларды енгізу және меңгеру емдеуші дәрігерлерге диагнозды уақытылы қоюға, сондай-ақ жасалатын емнің тиімділігін бақылауға қажетті нақты ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Зертханалық медицина жұмысында жаңа дағдыларды меңгеру мақсатында мамандарды оқытудың маңызы зор.
Институт басшылығы пациенттердің сапалы және білікті медициналық көмек алуы үшін мамандардың үнемі білімін арттырып отыруына көңіл бөледі.
Ағымдағы жылы Клиникалық-диагностикалық зертхананың дәрігерлері мен зертханашы мамандары жаңа «Radiometer AQT90» құрылғысымен жұмыс істеуді үйренді.
Radiometer компаниясының AQT90 FLEX иммунохимиялық анализаторы жедел медицинада талдаудың қарапайымдылығы мен нақты жасалуын қамтамасыз етеді. Анализатор тропонин I, тропонин T, MB-фракция креатинкиназы, миоглобин, NT-proBNP, прокальцитонин, СРБ, D-димер секілді биомаркерлерді жылдам талдауға мүмкіндік береді. Осы анализатордың маңызды артықшылықтарының бірі оператордың өлшеу барысында қан және қалдықтармен байланысының болмауы. Анализатордағы барлық процестер толығымен автоматтандырылған.